Елордада полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Бүгін, 20:00
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views27
Елордада полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 «102» арнасына хабар түн ортасында келіп түсті. Ер адам өзі қоңырау шалып, кіреберістің 13-қабатындағы балконнан секірмек болғанын айтты. Полицейлер оқиға орнына жеткенде, ол жартылай асылып тұрған. Оқиға орнына полиция полкінің капитаны Ермек Жәкен мен аға лейтенант Танат Бостанов дереу аттанды. Жағдайды бағамдаған олар ер адаммен сақтықпен сөйлесіп, оны қайғылы қадамнан бастартуға тырысты. Тәртіп сақшылары кіреберіске жасырын кіріп, қажетті қабатқа көтерілді. Шешуші сәтте олар жылдам әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, өмірін құтқарып қалды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деп жазылған хабарламада.