Елорданың «Сарыарқа» ауданында профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр

Бүгін, 09:28
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views71
Елорданың «Сарыарқа» ауданында профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр
Фото: «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Астананың «Сарыарқа» ауданы әкімдігі полиция басқармасымен, аудан прокуратурасымен және «Жастар рухы» еріктілерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында кезекті рейдтік шаралар өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Рейдтің негізгі мақсаты – кальян мен өзге де темекі өнімдерін қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салу талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бұйымдарын, кальян қоспаларын, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынған.

Биыл жыл басынан бері елорданың «Сарыарқа» ауданында аталған норманы бұзған 500 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.