Бокстан елордада өтетін әлем кубогына қатысатын спортшылар белгілі болды


Бокстан Астанада өтетін әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Еске сала кетейік, әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Ерлер: Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (+90 келі).
Әйелдер: Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі), Елдана Тәліпова (+80 келі).
Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.



