Бибісара Асаубаева Грузиядағы Гран-придің күміс жүлдегері атанды
26 тамыз, 2024


Фото: Туризм және спорт министрлігінен
Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді.
Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.
Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.
Ұқсас жаңалықтар

30 мамыр, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

29 мамыр, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

28 мамыр, 2025
Астана үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды

27 мамыр, 2025
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды