Азия чемпионаты: Қазақстан слаломды есуден екі медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл жолы спортшыларымыз «байдарка-кросс» сынында көзге түсті.
Александр Коробов екінші орын иеленді. Екатерина Таранцева қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде еншілеген еді.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді