Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінде топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 233-ракеткасы, италиялық Стефано Травальядан басым түсті.
Бірінші партияда Скатов 3:0 есебімен алға шыққанымен, Травалья таразы басын теңестіре білді. Дегенмен Тимофей тай-брейкте дегеніне жетті – 7:6 (7:4).
Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:0. Үшінші, шешуші партияда Т.Скатов жеңісті жұлып алды – 6:2.
Айта кетейік, бір апта бұрын ол Бонн (Германия) челленджер жарысының финалында аустриялық теннисші Юрий Родионовқа есе жіберген еді – 6:3, 2:6, 4:6. Скатов қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде бірден 193-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге еніп тұр.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді