Қазақстандық спортшы әлем кубогында тарихи медаль еншіледі

Фото: olympic.kz
Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында Ұлттық құрама спортшысы Данил Васильев 2-орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Отандасымыз финалда барлығы 119.3 ұпай жинады. Бұл жаттығуда 129.5 балл алған Аустрия спортшысы Никлас Бахлингер топ жарды. Үздік үштікті Владимир Зогфарски (Болгария) түйіндеді.
Айта кетейік, осы 2-орынның арқасында Данил Васильев 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына тағы бір табан жақындай түсті. Вислада қол жеткізген ұпайлар оның Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингіндегі орнын жақсартады.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді