Ел құрамасы садақ атудан Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістан құрамасынан басым түскен. Қорытынды есеп: 155-153.
Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы үндістандық қарсыластарын 235:231 есебімен жеңген.
Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғаған.
Айта кетейік, бұған дейін Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.
Ұқсас жаңалықтар

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

2 қазан, 2025
«Қайраттың» қақпашысына су жаңа көлік сыйға берілді