00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аударыспақтан әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшылары үздік атанды

24 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Аударыспақтан әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшылары үздік атанды
коллаж Elordainfo.kz

Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өткен аударыспақтан III әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бұл чемпионатқа әлемнің 6 елінен, 8 құрама команда қатысты. Атап айтқанда, Моңғолия, Татарстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан, Түрікменстан мен Қазақстаннан барлығы 45-ке жуық спортшы жүлделерді сарапқа салды.

Қазақстанның намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Дарын Өткелбай, Алтай Сүйеубаев, Төлеби Қайыржанов, Арман Сағынбаев сынды спортшылар қорғады.

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Азамат Серғазин, 80 келіде Дарын Өткелбай, 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Алтай Сүйеубаев, 100-ден жоғары салмақта Арман Сағынбаев қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Ал 70 келіде бақ сынаған Шыңғысхан Ержанов қола жүлде иеленсе, 100 келіде күрескен Төлеби Қайыржанов күміс жүлдені еншіледі.

«Ұлттық құрама жігіттері жалпы керемет көрсеткіш көрсете білді. Бұл, әрине, тұрақты дайындықтың арқасы. Барша қазақ елін жеңіспен құттықтаймын», - деді аударыспақ спортынан ұлттық құрама бапкері Жанбатыр Бекмұсаев.

Осылайша, 8 құраманың арасынан топ жарған Қазақстан 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, командалық есеп бойынша бірінші орын алды. Екінші орын Қырғызстан, үшінші орын Татарстанның ұлттық құрамасына бұйырды.