Азия чемпионаты: Бүгін төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады
Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлықтық турнирдің іріктеу кезеңдері аяқталып, енді ширек финалдық бәсекелер басталды. 4 желтоқсанда ұлттық құрамадан төрт боксшы шаршы алаңға шығады:
- 48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Офелия Магно (Филиппин);
- 54 келі: Сымбат Әлиасқар – Вэньцань Сюй (Қытай);
- 67 келі: Дулат Бекбауов – Ариф Айман Мұхаммед (Малайзия);
- 71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түрікменстан).
Айта кетейік, 75 келі салмақта Диас Молжігітов жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы турнирден шығып қалуына байланысты Диас тікелей 1/2 финалға өтіп, Азия чемпионатының медалін иеленді.