Президент Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:51
Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді – Тоқаев

Бүгін, 11:45
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басшысына бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 10:34
Қазақстан мен Италия Сыртқы істер министрлері кездесті

Бүгін, 09:05
Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді