00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін айтты

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне тоқал алуға рұқсат бергенін айтты
Фото: Elordainfo.kz

Актриса денсаулығына байланысты екінші сәби көтере алмай жүр. Сол үшін де жолдасына екінші рет шаңырақ көтеруге келісімін берген, деп хабарлады Elorda.info.

Мен күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бергенмін. Бірақ осыны естіген біраз қыз-келіншектер мені сөгіп тастады. Өз отбасым үшін ғана жауап беремін. Барлық адамға үндеу тастап жатқан жоқпын. Менің денсаулығым жарамайтын болғандықтан, Өмірсерікке «екінші рет үйленіп, ұрпақ сүй» деп айтқанмын. Бұйырып жатса, екінші рет ана атанармыз. Мен қалай бар солай өмір сүремін. «Екінші отбасылы болайын, менен ұрпақ қалсын деген көңілінде қаяу болса, айтқысы келсе, ашылып айта беріңіз» дедім. Алуға мен емес, Алладан рұқсат, Алла рұқсат беріп қойған ер азаматтарға. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін. «Ұрпақсыз қалып бара жатырмын» десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Бірақ ол кісі «қойшы, бір әйел жетеді» деп әзілдейді. Соған қарағанда өзі де екінші әйелді қаламайтын секілді, – деп әзілдеді актриса.