00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық студенттер нашақорлықтың алдын алуға арналған деректі фильмді тамашалады

18 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астаналық студенттер нашақорлықтың алдын алуға арналған деректі фильмді тамашалады
фото: Алматы ауданы прокуратурасы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған деректі фильмді тамашалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша полиция, әкімшілік қызметкерлері және волонтерлермен бірлесіп, есірткі мен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өтіп жатыр.

Шара аясында бүгін Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталған қылмыс пен оның жауапкершілігіне қатысты деректі фильм көрсетілді.

«Кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы прокуратура органдарының басты мақсаттарының бірі. Қазіргі уақытта олардың арасындағы қылмыстар, оның ішінде нашақорлық қылмыстардың саны өсіп келеді.  Статистикалық деректерге қарағанда есірткі қылмыстарын жасайтындардың көбі - 16-23 жас аралығындағы жастар. Олар жеңіл жолмен оңай олжа тапқысы келеді, ал ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын көп жағдайда білмейді немесе ойланбайды. Сондықтан қалалық прокуратура жоғары оқу орындарында «Нашақорлыққа жол жоқ» деректі фильмін көрсетуді ұйымдастырып отыр» , - деді Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрдәулет Ешенқұлов.

Оның айтуынша, мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы зор және құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Ұйымдастырушылар деректі фильмді алдағы үш күн бойы студенттер үйінде орналасқан кинотеатрда көрсететін болады.

Естеріңізге саламыз, ҚР Қылмыстық кодексінде аталған құқық бұзушылыққа 10 жылдан өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.