00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті

21 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық қорғаныс университетінде Ұлттық ұлан факультетінің ұйымдастыруымен «Біртұтас ел – біртұтас жер» атауымен VI ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор  Қайрат Үмбетов, Әскери ғылым Академиясының (ҚР ӘҒА) вице-президенті, профессор генерал-майор Жұмабек Ахметов, әскери ғылыми-зерттеу орталығының инновация және ақпараттық ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері генерал-майор Бахтияр Сыздықов және Ұлттық ұлан Академиясы бастығының оқу роталары жөніндегі орынбасары қауымдастырылған профессор (доцент), ҚР ӘҒА корреспондент-мүшесі полковник Александр Корнилов секілді өзге де ғалымдар қатысты.

Күн тәртібінде «Ұлттық ұлан жеке құрамының қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау барысындағы моральдық-психологиялық жай-күйі мен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету тәжірибесі» қарастырылды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов «Төтенше оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде қызметтік-жауынгерлік міндет атқаратын Ұлттық ұлан жеке құрамын моральдық-психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

«Бұл конференция құқық қорғау әскерлерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ғылыми-теориялық көзқарастарды бекітуге, моральдық-психологиялық қамтамасыз етудің ғылыми қадамдарын анықтауға және заман талаптарын ескере отырып, әскерлерді даярлаудың жаңа нысандары мен әдістерін қолданысқа енгізуге ықпал етеді деп үміттенемін. Тәжірибе көрсеткендей, моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қызметінде психологиялық жұмыстардың айтарлықтай үлесі бар. Дәлірек айтсақ, тәрбие жұмысындағы екпін психологиялық қолдауға көбірек түседі. Сондықтан өңірлік қолбасшылықтарда психологтардың штат санын бөлім деңгейіне дейін көбейту қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ олардың жоғары кәсіби-психологиялық дайындығын арттыру да маңызды», - деп атап өтті генерал-майор Қайрат Үмбетов.

Іс-шара соңында  баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша тиісті құжаттар қабылданып, қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізіледі, содан кейін жинақ жарық көреді.