Президент «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

14 қазан, 2025
«Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

14 қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

14 қазан, 2025
Байыпты жолмен бір палаталы Парламентке өтуді бастаймыз - Президент