00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды

21 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
Фото: Freepik.com

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы энергетикалық сусындарды ішуге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Энергетикалық сусын – құрамында кофеин, қант, психостимуляторлық заттар қоспалары (матеин, гуарана, женьшень, шөп сығындылары, цикламат, сахарин, сукралоза) бар, орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететін психикалық және физикалық адамдардың денсаулығына әсер ететін тәуелділікті тудыратын газдалған алкогольсіз немесе алкоголі аз сусын.

Олар алкогольсіз және алкогольді деп екіге бөлінеді:

Басқарма энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынатынын айтты.

Құрамында адам баласының денсаулығына зиян заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады.

«Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», - деп жазылған хабарламада.