«Ыдысты ысқырып жүріп жуа беремін»: Актер үй жұмысын істеуден ұялмайтынын айтты

Фото: видеодан скриншот
Актер Рустем Жаныаманов Podcast Urpaq арнасына берген сұхбатында «мынау еркектің жұмысы, әйелдің жұмысы» деп бөлмей, жұбайына асүйде көмектесе беретінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Махаббатты, отбасын біз солайша әлдилеуіміз керек сияқты. Қашан болмасын, жұбайың шаршап тұр ба, жоқ па – жағдайын сұрап-біліп тұрған дұрыс. Осының бәріне мән беруіміз керек. Анау ежелден жалғасып келе жатқан принциптер қазіргі принциптермен сәйкес келмейді. Бір-бірімен салыстыруға да келмейді. Неге біз міндетті әйелге ысыра салғанды жақсы көреміз? «Сен істе, менің жұмысым емес» дегенді қою керек. Мен әлі күнге дейін ыдысты жуа беремін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бір жерің түсіп қалмайды. Керісінше келіншегіңді қуантасың ғой», - деді актер.
Ұқсас жаңалықтар

14 тамыз, 2025
Қайрат Нұртастың әйелі гендер пати өткізді

14 тамыз, 2025
«1,5 млн теңге»: Жан Байжанбаевпен киноға түсу үшін ақша сұрады деген ата-ана шу шығарды

11 тамыз, 2025
«Бақытты шегіртке»: Дженнифер Лопестің концертінде ерекше оқиға болды

11 тамыз, 2025
Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік сәби сүйді