Нұрлан Қоянбаев көп әйел алуға қатысты ойын айтты
Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев көп әйел алу туралы ойын айтты. Әзіл аралас сұхбатты «Ринго» тобының әншісі Аян Бірбаев жеке парақшасына жүктеді, деп хабарлады Elorda.info.
Әнші Нұрлан Қоянбаевтан «Екінші әйелге қарайсыз? Екінші әйел алғанға қарсы емессіз бе? Үй тірлігіне көмектесесіз бе?» деген сұрақтар қойды.
Үй шаруасына көмектесемін. Кір жумаймын, үй тазаламаймын. Кейде түнде келгенде, асүйдің есігін жауып қойып, ыдыс жуамын. Үйге жұмсалатын ақшаның бәрін әйелім жаратады. Ал екінші әйел алуды әр адам өзі біледі. Маған бір әйел жетеді, – дейді актер.
Сондай-ақ парақша иесі оқырмандарынан екі әйел алуға көзқарастары қалай екенін сұрады. Желі қолданушылары арасында танымал өнер жұлдыздарының әйелдері де пікір білдіріп жатыр.
Әнші Нұржан Керменбаевтың жары Назерке бірінші болып пікір қалдырған.
Менің күйеуім алмаса болды. Еш бөлісе алмайды екенмін. Гигиенаға қатты қараймын. Алып жатқандарға Алла жеңілдігін берсін. Оңай емес, – деді әншінің әйелі.