Мақпал Жүнісованың тойда қызына айтқан ақылы елді сүйсінтті

Фото: скриншот/instagram/zhunusova.makpal
Әлеуметтік желіде әйгілі әнші Мақпал Жүнісова мен оның қызы Мерейдің бірге тойда жүрген видеосы таралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Онда Мақпал Жүнісова ән айтып жүріп, қызы Мерейге оның киіміне қатысты ымдағаны аңғарылады. Ал осы сәтте Мерейдің анасының не айтқысы келгенін бірден ұғып, түймелерін қадай бастауы көпшілікті тәнті етті.
«Ыммен түсіндірген анасын түсінген қызға Алла разы болсын», «Осылай тыңдаған қыздан айналасың ғой, көзін алартып безірейіп тұратындар бар ғой», «Ардақты ана ыммен түсіндірді. Мерейжан да әке мен анаға кір келтірмейтіндей керемет білімді жас», «Осы қыз тәрбиелі, артық қылығымен көрмейсің», «Керемет көрініс» деп жазды оқымандар.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

6 қазан, 2025
«Көңілің кетті ме»: Дариға Бадықованың күйеуі ажырасуы туралы айтты

13 қыркүйек, 2025
Қайрат Нұртастың қызы жаңа көлігін көрсетті

12 қыркүйек, 2025
Фариза Төреәлі баласын алғаш рет көпшілікке көрсетті