00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы әсерлі естелік жариялады

10 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы әсерлі естелік жариялады
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жақында ғана өмірден өткен әнші, «Дос-Мұқасан» тобының солисті болған Ақжол Мейірбеков туралы жазба қалдырып, естелік видеосын жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Әнші әріптес ағасы туралы жазбасын өзінің Instagram парақшасында жариялады.

 Ақжол ағамен үш жыл бұрын ғана осы тойда жақсы әніне билеп, тойды гүрілдетіп өткізген едік. Әттеген -ай, өмірде бәріміз де қонақпыз ғой. Марқұм Ақжол ағаның орны ойсырап тұр, амал қанша, топырағыңыз торқа болсын, отбасыңызға Алла ғұмыр берсін, - деп жазды қазақ өнерінің жарық жұлдызы.

Еске сала кетейік, қазақ эстрадасының жарқын өкілі болған әнші Ақжол Мейірбеков өткен жылы 25 қарашада 74 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмған еді. Ол «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.