«Әлі көз алдымда»: Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан таяқ жеген (ВИДЕО)
1 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әріптесі Ақбота Керімбековадан таяқ жеген кезін есіне алды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы актриса «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
Менің Жақсыгүл жеңгем мен Ақботаның анасы Бибіажар апай екеуі жақсы дос. Кейін менің анам мен Бибіажар апай танысып, сыйласып кетті. Әлі есімде, Көктөбе жақты Ақботалардың жер үйі болған. Сол жаққа ана мен жеңгеме ілесіп барғаным бар. Ойнап жүргенде бір таяқ жегенім бар. Оның есінде бар ма, білмеймін. Бірақ сол бір сәт менің көз алдымда мәңгілікке қалды. Өйткені мен ауылдан келдім. Мен де бұзықтың бірімін. Сөйтсем, менен де қатты бұзықтар бар екен қалада деп ой түйдім, - деді Айгүл Иманбаева.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты