00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Кемпір болып қалмайсыз»: Баян Алагөзованың басы тағы дауға қалды

4 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Кемпір болып қалмайсыз»: Баян Алагөзованың басы тағы дауға қалды
фото: Elordainfo

Танымал отандық продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жиен немересімен түскен фотасын жүктеп, өзің «Баяша» деп атайтыны туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Мен немерелерім үшін керемет апа емеспін. Себебі мен апа емеспін. Әйелдерді бұлай атайтындай бұл сөзді кім ойлап тапқан? Үлкен жиен немерем үшін мен Баяшамын. Маған солай ыңғайлы. Әже емес, апа емес. Мен үшін қайсысы дұрыс болады деп ұзақ ойландым. Соңында «Баяшаға»тоқталдым. Сіздер қалай ойлайсыздар?, – деп жазды продюссер.

Баян Алагөзованың бұл пікірі оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. 

«Баян, сізге әже немесе апа деп айтса сіз кемпір болып калмайсыз», «Сізге ұнаса да, ұнамаса да сіз әжесіз, мұны ештеңе өзгерте алмайды», «Әже-жаман сөз деп айтпаңыз, солай атауды армандап жүргендер де бар», «Әже деген сөзді қабылдап қуаныңыз», «Ертең бәрібір жас келеді, сол кезде немереңіз Баяша дегенде ерсі көрінбесе болды»,- деп оқырмандар түрлі пікір жазды.