Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған халықаралық фестиваль өтті

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шара мақсаты – ұлы композитордың шығармашылығын насихаттау. Бұл туралы Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйымдастырған фестиваль еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларының бірі болды.
Фестиваль сахнасында Өзбекстан, Украина және Қазақстан театрларының әртістері, сондай-ақ Әзербайжан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті.
Бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка мәдениетінің символына айналған шығармалары орындалды.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Астанада «Шәкәрім» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

14 қыркүйек, 2025
Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

12 қыркүйек, 2025
Ұлттық кітапхана жаңа сирек қолжазбамен толықты

11 қыркүйек, 2025
Димаш Құдайберген продюсерлік ететін музыкалық шоудың түсірілімі басталды