«Егер күйеуіңнің жан сырын білгің келсе...»: Танымал коуч әйелдерге «ақыл» айтты
Белгілі психолог Ұлан Сқақов әйелдерге күйеуімен ішімдік ішуге кеңес берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,
Бірінші күйеуің алқаш болды ма? Екінші күйеуің де дәл солай болады. Тіпті Қазақстандағы ең мықты имамға тұрмысқа шықсаң да, ол да ішіп кетуі әбден мүмкін. Бір сәтке ойланып көрдіңіздер ме? «Менің күйеуім неге ішіп жүр?» деп. Ер адам сырласатын жан таппағанда бөтелкемен дос болады. Егер күйеуіңнің бар сырын білгің келсе, бір күн жанында отырып ішіп, сырласып көрші. Мас адам ешқашан өтірік айтпайды, - деді ол.
Осылай келіншектерге «ақыл» айтпақ болған психолог желіде отырған көптің сынына қалды.
«Өтірік. Екінші күйеуім алқашта емес, ішкіш те емес. Аллаға сансыз шүкір».
«Жауапкершіліктен қашқан әрі әлсіз еркек ішеді және жүреді, - деп жазды желі қолданушылары.