Белгілі блогер Фариза Төреәлі сіңлісіне тосынсый жасады

Бүгін, 09:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Белгілі блогер Фариза Төреәлі сіңлісіне тосынсый жасады
Фото: instagram.com/farizatoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі сіңлісіне туған күнінде тосынсый жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Танымал блогер сіңлісі Дина Төреәліге көлік сыйлаған. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

«Алланың қалауымен сіңліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллаһым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына, бұйырып келгендеріне шүкір. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңлім!

Сансыз шүкіршілік. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Тіпті өзіме алсам бұлай қуанбайтын шығармын. Жаным, сен бар жақсыға лайықтысың! Жақсы күндерде, игілігіңе міне ғой», - деп жазды ол.

Ал Дина Төреәлі бұл 22 жасында үлкен тосынсый болғанын жазып, әпкесіне алғысын жаудырды.

«Дұғаларымның бірі қабыл болып, бір арманым орындалған күн болды, шүкір! Бұл менің тізгінімдегі үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған болатын. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады», - дейді ол.

Өз кезегінде желі қолданушылары да құтты болсын айтып, осындай қуаныш өздеріне де бұйыруын тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.