Баян Алагөзованың қызы екінші рет ана атанды
20 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында өзінің екінші рет әже болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Актриса бүгін, яғни 20 шілде күні қызы Айсәуленің екінші рет ана атанғанын, сөйтіп отбасы тағы бір жанға толыққанын айтып сүйіншіледі.
-Дәл қазір перзентханаға бара жатырмын. Балама котлет, сорпа алып барамын. Тезірек қызымды құшақтап, кішкентай сәбиді қолыма алғым келіп тұр. Айсәуле қызды болды. Ол сұлу да бақытты бала болады деп сенемін. Құттықтауларыңызға болады, - деп қуанышымен бөлісті Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек бір жыл бұрын да қыз баланы дүниеге әкелген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты