Бүркіт әкесінің Алматыға әрең үйреніп келе жатқанын айтты
9 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Әнші Бүркіт жақында сексеннен асқан ата-анасын Алматыға, өз қолына көшіріп алған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында әкесінің жаңа қалаға әрең үйреніп келе жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
"Мінекей, әкеміз бен шешемізге Алматыдан үй салып, осында көшірдік. Өз қолымызға алдық. Әкем Алматыға әрең үйреніп келе жатыр. Бірақ, кейбір кезде "Ауылға кеттік" деп қояды. 86 жас деген оңай емес", - деп жазды Бүркіт.
Видеодан әншінің әкесінің бассейнге суға түсіп жүргенін байқауға болады. Осы сәтті Бүркіт видеоға түсіріп, көпшілікке бөлісті.
Айта кетейік, осыған дейін де Айбек Жансейітов әкесі мен шешесі Алматыға көшуге әрең келіскенін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты