«Арыз жаздым: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі жұлдызды әкенің 8 ай алимент төлемегенін мәлімдеді

Бүгін, 09:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Арыз жаздым: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі жұлдызды әкенің 8 ай алимент төлемегенін мәлімдеді
Фото: instagram/Фариза Алмазқызы/Нұрсұлтан Жақсыген

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, блогер Фариза Алмазова Instagram парақшасындағы stories бөлімінде оған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген. 

«Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым», – деді Фариза.

Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады. 

«Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын», – деп жазған актер.