00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарақат Әбілдина: Қонақ өзінің ішіп-жегенін төлеп кетеді

Қарақат Әбілдина: Қонақ өзінің ішіп-жегенін төлеп кетеді
коллаж Elorda.info

Қарақат Әбілдина: Қонақ өзінің ішіп-жегенін төлеп кетеді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина немістердің кейбір өмір салтын көріп, шошығанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өнерлі жұп Германияға емделуге кеткен еді. 

10 күнге жоспарланған сапарымыз аяқталып, елге қайтып барамыз. Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Таңғалатын да, тамсанатын да тұсы көп. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін, – деп бастады әңгімесін әнші

Әншіні өзі куә болған мына жағдайлар шошындырған.  

Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Осы салты маған тосын көрінді. Біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмадым. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым. Алла сақтасын, қорқынышты нәрсе екен. Одан кейін қыз бен жігіт кездесуге барғанда қыз өзінің ішкен-жегенін төлейді екен. Біздің елде ер-азаматтарымызды «қызға құрмет» деп тәрбиелегесін, ол салты да құлаққа түрпідей тиді, – деп таңғалды өнер иесі.