“Қалаулым” бағдарламасы арқылы үйленген блогер ажырасып кеткенін растады
Танымал блогер Шынар Меджанова жеке өміріне қатысты біраз сырдың бетін ашты, деп хабарлады Elorda.info
Ол баласының әкесімен “Қалаулым” бағдарламасы арқылы танысқанын айтты. Бірақ, жұбайлық өмірлері баянсыз болған. Бұл туралы блогер «Мамский әңгіме» подкасы кезінде жеткізді.
Баламның әкесімен “Қалаулым” бағдарламасында таныстық. Бірінші маусымда үміткер болып келген еді. Ең алғашқы жұптың бірі болдық. Бесінші маусымында отбасын құрдық. Одан кейін үш жыл бойы араласпай кеттік. Астана қаласына келіп, қосылайқ деп өтінді. Мен бас тарттым. Одан кейін бағдарлама ұжымын араластырды. Сол арқылы менен кешірім сұрап, тағы келді. Содан қайта татуласып кеттік. Үйлену тойын жасап, 4 айдан кейін жүкті екенімді білдім. Қазір жастар арасында кеңінен танымал, трендке айналған гендер-пати жасадық. Өте қатты қуандық, бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады., – дейді блогер.
Сонымен қатар ол ұлдары Омар-Али дүниеге келгенде жанында әкесі болмағанына ренішін блдірді.
Акушер баланы орап, сыртқа алып шыққанда ешкім күтіп алмады. Ата-анам баспалдақпен енді көтеріліп келе жатыр екен. Сол сәтте жерді сезбей қалдым. Қатты жылап жібердім. Үйге келгесін тағы жыладым. Жақындарымның бәрі жанымда, бірақ көзімнің жасы тоқтамайды. Ол кісінің жағы келді, баланы көрді. Бірақ қырқынан шығарғанын күтпей, кетіп қалды. Біраз айқайға ұласқан әңгімелер болды. Қазір бәрі артта қалды. Күйеуім қайта қосылайық деп келмеді. Өзімнің де қайтып қосылғым келмейді. Ол адам менің өмірімде жоқ. Баласын көргісі келсе қарсылығым жоқ”, – деді Ш. Меджанова