Ақын Қымбат Әбілдақызы әнші Қарақатқа қатысты қауесетке нүкте қойды
Бұл туралы ақын, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы Мақсатына жеткендер бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Халық арасында Қарақаттың «шешесі» – Қымбат екен деген өсек бар. 1978 жылы төртінші жыл оқуға түсе алмай, өзіме де, қоғамға да өкпелеп соңғы пойызбен Жаңаарқаға кетіп қалдым. Үйге барсам шешем қыз туыпты. «Сенің қолғанатың осы қыз болады, шайыңды дайындап, киімдеріңді үтіктейді. Өзің тәрбиеле» деп бере салды. Сол күннен бастап, тікелей менің жауапкершілігімдегі бала болды. Кішкентайынан үлкен қалаға әкеліп, оқыттым. Тұрмысқа шығатын кезде қолымнан ұзаттым. Қазір елдің қызы болуына менің тікелей ықпалым бар. Біз өскен отбасы өте дәулетті болса да, тәрбие қатал болды. Жоқшылық көрмесек те, дүниеге мастанбадық. Қарақат туған жылы оқуға түсе алмай жүрсем де, ауылдағы мектепте сабақ беріп жүрмін. Алақандай ғана ауылда оң босағада отырып бала тапсам, әкемнің беделі түседі ғой, – деді Қымбат Әбілдақызы.