«58 жасқа толар еді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды
1 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевтың биыл тірі болғанда 58 жасқа толатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жыламаймын деп сөз бердім ғой. Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан «ортаның гүлі» дейтін Қайрекең бүгін 58 жасқа толар еді.
Сен қасымда болғанда, езуім жиылмайтын. Ойнайтынмын. Сенімен сырласып, кейде ішегіміз түйілгенше тоқтамай күлетінбіз. Қазір де жазып отырып, еріксіз жымидым.
Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік. 58 жасқа толдың деп, толассыз тілек тыңдайтын едік, - деп жазды тележүргізуші.
Айта кетейік, жақында тележүргізуші жұбайының жылдық асын өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты