«Лақтырып кетті»: Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа үй беріп, ақшасын толық алмағанын айтты (ВИДЕО)
Өнерде жұлдызым жарқырап тұрған шақта Сейфуллин Жолбарысты бауырымдай көріп, барынша көмектестім", – деген Шадаева Сейфуллиннің өзіне ән жазып бергенін, гастрольдерге бірге шыққанын айтты.
Айтуынша, ол Сейфуллиннің әлі танылмаған, өнерге енді келген кезі.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды… – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)
Онымен бірге талай жұмыстарды бірге атқардық. Қара шаңырақ үйіне де бардым. Үйі саманнан салынған, киіз жайылып, сыз тартып тұрған болатын. Менің екі бөлмелі үйім бар еді. Оны кіші қызыма қалдырам деп жүрдім. Сол кезде тағы да үлкендеу пәтер алатын болып, Сейфуллин менің бос үйімде тұрғысы келіп, өтініш айтты. Еш ойланбастан келістім. Арада уақыт өткен соң, ол үйімді сатып алғысы келді. Жарты ақшасын төлеп, жартысын әннің есебімен қайтармақ ниетте екен. Қасымда жүрген бауырым болғандықтан, тағы да келісім бердім. Нотариусқа барып, қол қойып, үйді саттым. Бірақ содан кейін Сейфуллин там-тұмдап қана ақша берді, – дейді Шадаева.
Тағы оқыңыз: Бақыт Шадаева үшінші күйеуі сотталып кеткенін айтты
Әншінің айтуынша, Сейфуллин оған жалпы 1200 доллар қайтарған. Ал Шадаеваға деп жазып берген әндерін өзгелерге де таратқан.
Былайша айтқанда, лақтырып кетті. Үйді қайтарып алайын десем, өзім қол қойдым. Сейфуллин халық арасына кеңінен танылып, кейін үлкен үй де алды. Ал мен сол үйді садақа деп есептеймін қазір, – деп түсіндірді Шадаева.