Тоқаев Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:23
Президент «Торғай – Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Бүгін, 15:36
Қарағанды облысында көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан

Бүгін, 14:05
Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік нығая береді

Бүгін, 13:03
Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады