Тоқаев АҚШ Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті.
– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:23
Президент «Торғай – Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Бүгін, 15:36
Қарағанды облысында көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан

Бүгін, 14:05
Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестік нығая береді

Бүгін, 13:03
Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысын қабылдады