Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады

фото: Akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қазақстан мен Мозамбик арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:53
Президент Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін, 15:35
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

Бүгін, 14:29
Тоқаев Италия Президентін елорда әуежайынан шығарып салды

Бүгін, 12:46
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды