Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған мәселе ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.
Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:10
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Бүгін, 12:23
Қазақстан Ресеймен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын – Бектенов
29 қаңтар, 2025
Қатар Қазақстанға қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетеді
28 қаңтар, 2025
Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады