«Дикий Арман» есімімен танымал Жұмагелдиев 20 жылға сотталды
27 қаңтар, 2025
Фото: видеодан скриншот
Алматыда Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты. Ол 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.
Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деп айып тағылған ол 20 жылға сотталды.
Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталған.
Еске салсақ, криминалды авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған болатын. Іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов және тағы басқа тұлғалар бар. Барлығы 42 адам айыпталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
19 наурыз, 2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады
18 наурыз, 2026
Еліміздегі барлық мектептерде оқушылар бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды
18 наурыз, 2026
Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық адамға қандас мәртебесі берілді
18 наурыз, 2026
Қазақстандықтар өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Премьер-министр