00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шариғат бойынша тұрмысқа шыққан қыз тегін өзгертуге міндетті ме

Шариғат бойынша тұрмысқа шыққан қыз тегін өзгертуге міндетті ме
Фото: freepik

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы тұрмысқа шыққан қыздың фамилиясын өзгертуі қажет емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі Шариғат бойынша әр адам өз әкесінің атымен аталуы қажеттігін айтты. Құранда «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол» деп жазылған.

Осы аятты алға тартып, кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өтуі ғұрыпта қалыптасқандығын, сондықтан мұның әбестігі жоқтығын айтады. Өйткені Құранда: «Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі» деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр. 

Сонымен, үйленген әйел әкесінің атын сақтауы керек. Бұл атауды өзгерту тыйым салынған деп саналады (харам). Фамилияны күйеуінің фамилиясына ауыстыру кей кездерде қолайлы болғанмен, міндетті емес. Сондықтан күйеуі әйелін өз тегіне жаздыруға  мәжбүрлей алмайды.