Amanat деген атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады – Ерлан Дәкенов
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Партияның кезектен тыс XXII сессиясында саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын жаңғырту мәселелері талқыланды. Оның ішінде Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсынысы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл ұсынысты қолдап, партияны жаңғырту жолында алғашқы қадам жасады.
Қазақ дүниетанымында «аманат» сөзінің мағынасы өте терең әрі қастерлі. Еліміздегі басқарушы партияны осы сөзбен атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады.
Алдағы уақытта жеткен жетістіктерді ескере отырып, кеткен қателіктерді түзетіп, қызметімізді жаңа қарқынмен жалғастырамыз, – деді мәслихат депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті
22 қараша, 2024
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша, 2024
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды