00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

WhatsApp қосымшасында жаңа функция пайда болды

23 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
WhatsApp қосымшасында жаңа функция пайда болды
Фото: Мария Конюхова

Танымал мессенджер WhatsApp-та дауыстық хабарламаларды оқылатын мәтінге түрлендіру функциясы пайда болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жаңа функция пайда болды. Енді дауыстық хабарламалардың мәтіндік транскрипцияларын оқуға болады. Осылайша оларға кез келген жерде және кез келген уақытта жауап беруге мүмкіндік бар. Транскрипция құрылғыда тікелей жасалады. Өзіңізден басқа ешкім сіздің жеке жазбаларыңызды оқып, тыңдай алмайды. Олар тіпті WhatsApp-қа қолжетімді емес», – делінген хабарламада.

Жаңа функцияны пайдалану үшін оны іске қосу керек. Ол үшін WhatsApp баптауларын ашып, «Чаттар» бөлімін таңдау керек. Одан соң дауыстық хабарламаларды транскрипциялау батырмасын қосу қажет. Бұл параметрді таңдағанда транскрипциялау тілін таңдаған жөн.

«Алдағы уақытта бұл бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға кейбір тілдерде қолжетімді болады. Басқа тілдерді келесі айларда қосу жоспарланып отыр», – дейді әзірлеушілер.