Жалған компания құрбандарын 350 млн теңгеге алдап соққан
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical» фирмасына қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін «Telegram» мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.
Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.
Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.
Агенттік қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеді.