Түркістан облысының тауларында алты турист құтқарылды

24 тамыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views54
Түркістан облысының тауларында алты турист құтқарылды
Фото: видеодан скриншот/ТЖМ

6 туристі іздеген ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта 4 шақырым, өзен бойымен 1 шақырым жүріп өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шымкент қаласының тұрғындары — үшеуі ер, үшеуі әйел — Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңын бағындыруға аттанған болатын. Алайда олар белгіленген уақытта оралмады. Байланыс үзілген, ал уақыт өтіп жатты. Туыстарының бірі құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркінің аумағына аттанып, 5 шақырымға жуық қиын таулы жермен, соның ішінде 1 шақырым — таулы өзеннің бойымен жүріп өтті.

Топ түнгі уақытқа қарай таудан табылды. Белгілі болғандай, әйелдердің бірі аяғын сындырып алған, ал қалғандары оны өз күштерімен тасымалдай алмаған.

ТЖМ ескертеді: Таулар — оңай сынақ емес. Жақсы дайындықсыз және байланыссыз жолға шығуға болмайды.