00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады

17 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Полицейлер бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі бопсалаушы қылмыстық топтарды анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаңтарда Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жергілікті криминалитет арасынан бір топ адамды ұстады. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан.

Петропавл қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша бопсалаған.  

Жамбыл облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Өткен жылы полиция қызметкерлері 500-ден астам бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған.

Мұндай факт Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 млн теңге талап еткен.

Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі болып табылатынын атап өткен жөн», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.