00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты

4 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты
фото: gov.kz

4 қараша күні сағат 11:34-те «Әйгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрт Алматы ауданында Қ.Сәтпаев көшесі, 29/1 мекенжайында орналасқан «Әйгерім» тұрғын үй кешенінің 24-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды.Өрт сөндіруге жеке құрамның 17 адамы және Астана ТЖД арнайы техникасының 4 бірлігі жұмылдырылды.Үйдің барлық тұрғындары эвакуацияланды, өрттен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардан үрейге бой алдырмауын және сабыр сақтауын сұраймыз, деп жазылған хабарламада.