Қасым-Жомарт Тоқаев Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:18
Тоқаев: Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық

Бүгін, 13:33
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

17 қыркүйек, 2025
Тоқаев бейбітшілік идеясында будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты

17 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы еліміздің халқы әлемнің негізгі діндерін ұстанатынын айтты