Астаналық оқушылар робот құрастырып шығарды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрастырушылардың айтуынша, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация беретін көрінеді. Сондай-ақ, өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалды. Бұл роботқа қызығушылық танытатындар да бар.
«Қазіргі уақытта Темірбек еліміздің басқа қалаларындағы оқу орындарында балалармен кездесіп жүр», - дейді информатика пәнінің ұстазы Айдана Оңғарбекқызы.
Робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылар енді оны жүргізудің жолын ойластырып отыр.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

20 қазан, 2025
«Сынып жетекшілікке 85 мың теңге»: белгілі ұстаз министрге үндеу жолдады

16 қазан, 2025
Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

14 қазан, 2025
550 мыңға жуық студент жасанды интеллект бойынша курстардан өтті