Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлене ме – министрлік жауап берді

Бүгін, 12:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views69
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы төлене ме – министрлік жауап берді
Фото: freepik.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен ақылы еңбекке жарамсыздық парағын енгізу туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, МӘСҚ қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына тек мынадай әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады:
- еңбек қабілетінен айырылу;
- асыраушысынан айырылу;
- жұмысынан айырылу;
- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;
- баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу.

«Осыған байланысты МӘСҚ қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық (ауру парағы негізінде) бойынша төлемдер жалдамалы қызметкерлерге де, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға да көзделмеген», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін әлеуметтік төлемдерді төлеуді көздейтін жаңа салық режимі енгізілетінін хабарлаймыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу жоғарыда аталған әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ есебінен әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.