Елімізде Қазақстан есімді қанша адам бар

Фото: Оңалхан Өнерхан
Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың көпшілігі Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар.
Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады.
28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан.
Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.
Ұқсас жаңалықтар