Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты

Фото: Pixabay.com
Астана соты биыл өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде тануды сұраған 5 азаматтың өтінішін қарады, деп жазады Elordainfo.kz.
Қалалық сот пен прокурорлар істерді, мұрағаттық құжаттарды зерделеп, аталған тұлғалардың бұл санатқа қатысы жоқ екенін анықтады.
Тиісінше, сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.
Ұқсас жаңалықтар